$ 494.87  520.65  4.91

АЭС салу бойынша референдум: Дауыс берушілерге берілетін бюллетеннің үлгісі жарияланды

Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген бір ғана сұрақ бар. 

Фото: Ақтөбе газеті
Фото: Ақтөбе газеті

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс берушілерге берілетін бюллетеннің үлгісі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина қазақстандықтарға референдумда дауыс беру үшін берілетін бюллетеньді таныстырды.

Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген бір ғана сұрақ бар. Таңдау үшін екі жауап нұсқасы берілген:

- Иә, келісемін.

- Жоқ, келіспеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары