Тергеу барысында айыпталушының осыған ұқсас 3 эпизодқа қатысы бары анықталды.
Елорда полициясына жергілікті тұрғын әйел кісінің алаяқтық жолмен ақшасын иемденгені туралы шағым түсірді, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы әйелді анықтады.
«Ол алаяқтық және сенімге кіру арқылы азаматтың қаржысын иемденген. Ақшаны айналымға салу туралы келісімшарт жасау сылтауымен әйел пәтерді өз атына қайта рәсімдеуге мәжбүрлеп, соның нәтижесінде материалдық зиян келтірген», - делінген хабарламада.
Алаяқ әйел ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап, әрдайым қарызды пайызымен қайтарамын деп уәде етіп келген.
Аталған факті бойынша алаяқтық ісі қозғалды.