17.09.2024, 12:20

Шенеунік ұлының оқуы үшін кәсіпкерлерден 1,4 млн теңге талап еткен

Фото: Қызылорда соттары фейзбук парақшасынан алынды

Ол сот үкімімен 9 айға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қызылорда қалалық соты облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Ә. - ге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ұлының оқу ақысын төлеу үшін кәсіпкерлерден 1,4 млн теңге сұраған және құны 6,8 млн теңге болатын дизель жанармайын беруді талап еткен. Одан бөлек өңірдегі кәсіпкерлердің тиісті сығымдалған газ мөлшерін алуына кедергі келтіру арқылы бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге шығын келтірген.

Ол сот үкімімен 9 айға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс берілді.