Facebook желісінде журналист Ләззат Мырзаштың жазушы Мұхтар Мағауинмен шағын видеосұхбаты жарық көрді.
Қазақстанның халық жазушысы, қазір Түркияда тұратын Мұхтар Мағауин журналист Ләззат Мырзашқа берген сұхбатында көп әйел алу туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Facebook желісінде журналист Ләззат Мырзаштың жазушы Мұхтар Мағауинмен шағын видеосұхбаты жарық көрді.
«Мен көп әйел алу туралы бәрінен бұрын, 1993 жылы «Лениншіл жасқа» мақала жазғанмын. «Бір отбасы, бір үйелмен» деген. Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркекке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?! Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой. Зайырлы мемлекет болғандықтан, Конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Бірақ, мұны заң жүзінде қудалауға болмайды», - деді жазушы.