$ 484.11  528.79  5.03

«Бұл қыз да өлу керек пе!?»: Заңгер 13 жасынан зорлық көрген қыз туралы ІІМ-не үндеу жолдады (ВИДЕО)

Зорлық-зомбылық жасаған еркек Айшаның тырдай жалаңаш сурет, видеоларын әлеуметтік желіге саламын деп бопсалаған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандықтар арасында танымал заңгер Айгүл Орынбек, 13 жасынан зорлық көрген қыздың оқиғасын баянады. Қоғам белсендісі тіпті, елімізде мектепке бармай, қара киінетін қыздардың көп екенін алға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оянамыз!

Елімізде Айша сияқты мектепке бармай, қап қара киініп оранып алған қыздар өте көп.  Бұндай  қыздарды кінәлап қажеті жоқ, бұларды осы дәрежеге жеткізгендерді кінәлау керек!

Айша 13 жасынан зорлық зомбылық көрген. Зомбылық жасаған еркек Айшаның тырдай жалаңаш сурет, видеоларын әлеуметтік желіге саламын деп бопсалаған.

Сарыағаш аудандық  полициясы Айшаның арыз шағымын  жаба салғанына қарағанда, бұл ағымдағылар шынында да күшті болып тұр.

Ержан Саденов мырза! Арыз шағым қаралу үшін, бұл қызда өлу керек пе?!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Заңгер зорлық көрген қызбен сөйлесіп, оның видеосын желіге жариялады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары