$ 494.87  520.65  4.91

«Гайморит, пневмония емес»: Ербаян Мұхтардың анасы дәрігерлердің диагнозымен келіспейтінін айтты

Балам әскерге дейін ауырмаған, тек аллергия болған. 

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

6 ай бойы комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы Ұлттық ұлан басшысы мен мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің мәлімдемесімен келіспейтінін айтты. Гүлсім Қамиева тіпті дәрігерлердің ұлына қойған диагнозымен де келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

13 қыркүйекте Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың жарақаты соққыдан емес, құлау салдарынан болғанын айтты. Әскери бөлім бастығының айтуынша, сарбаздың ауыр халіне инфекция себеп болған. Емдеу кезінде сарбаз пневмония мен гайморитке шалдыққан.

Алайда Қамиева ұлының иммунитеті күшті екенін айтты. Сондай-ақ емделу кезінде оның жағдайы нашарлағанына сенбейтінін жеткізді. 

"Қайрат Үмбетов өз диагнозын қойды, алайда біз онымен келіспейміз. Әркімнің диагноз қоюын дұрыс деп санамаймын. Үмбетов гайморит, пневмония, өкпеде ірің болды дейді... Бірақ онымен келіспеймін. Балам әскерге дейін ауырмаған, тек аллергия болған. Қазір барлығы қалаған диагнозын қойып, ойдан шығарып жатыр", – деді сарбаздың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары