$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде легионер-спортшыларды бюджет ақшасына қаржыландыру тоқтайды

Естеріңізге сала кетейік, жуырда президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін мәлімдеді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанда спорттағы легионерлерді мемлекеттің ақшасына қаржыландыруға тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының азаматы емес спортшыларды бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруға тыйым салу қарастырылған. Қазір заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Сондықтан ол елімізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тартуды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары