$ 492.65  525.71  5.03

Ақтөбеде педагог оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді

Ол мұғалім қазіргі уақытта жұмыс істемейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде педагогке оқушымен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау бабымен айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбеде педагогке қатысты жоғары сынып оқушысымен жақын қатынаста болды деген айыппен тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Мектеп директоры аталған жайтқа қатысты түсінік берді, деп жазады Nur.kz.

"Бұл жағдайға қатысты тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Ол мұғалім қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Жағдай туралы тиісті органдарға хабарладым", - деді мектеп директоры.

Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы, яғни, "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары