$ 484.11  528.79  5.03

Жаңбыр, аяз және жел: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады

Республика бойынша жел күшейеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты. Синоптиктердің болжамынша, 2024 жылдың 19-21 қыркүйегінде еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Метеорологтар ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігін әлі де алып жатқанын атап өтті.

"Сондықтан, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болып қалады. Тек еліміздің оңтүстік жартысы ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді.

Сондай-ақ түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

"19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейінгі аяз сақталады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін 18 қыркүйекте Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 9
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары