$ 478.96  533.03  5.22

Лондонда өткен халықаралық байқауда қазақстандық өнерпаз бірінші орын алды

«GOLDEN TIME TALENT» – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба.

Фото:  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «World talent award» Халықаралық байқауында 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасында Қазақстан өкілі үздік шығып, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жанат Ерманов – халықаралық байқаудың жеңімпазы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«GOLDEN TIME TALENT» – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

«Дәл осы өнерпаздар додасындағы жеңісімен филармония солисті Жанат Ермановты шын жүректен құттықтаймыз. Жанат Ерманов бұл жеңісін Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің осы жылғы 20 жылдық мерейтойына арнағанын айтты», – делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары