19.09.2024, 16:00

Алматыда әйел бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірген

Фото: Nik Shuliahin on Unsplash

Оқиға 18 қыркүйек түнде болған.

Алматыда 23 жастағы әйел 58 жастағы ер адамды пәтерде пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әйел өзі бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұққан.  Полиция бұл ақпаратты растады.

«Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Басқа да мән-жайлар анықталуда», - деп жауап берді Алматы полиция баспасөз қызметі.