19.09.2024, 23:30

«Юбка киген еркексің»: Атырауда күзетшіні келемеждеген блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Айнұр Балакешованың фейсбук парақшасынан

Олар сол жердегі күзетшіге тіл тигізген.

Атырауда блогерлердің қысынан кейін қайтыс болған күзетшінің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай өздерін блогерміз деп таныстырған бір топ адам Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығына келген. Олар сол жердегі күзетшіге тіл тигізген.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі ( Fдамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы “Мемлекеттік сараптама орталығы” мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып көз жұмған еді. Оқиғаның видеосын қорғаушы Айнұр Балакешова өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

Мемлекеттік органға кіргісі келген блогерлер жолын бөгемек болған күзетшіге дауыс көтеріп, артынша балағаттаған. Олар күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, “сен бомжсың ба?”, “сен кімсің?”, “сен еркек емессің, белдемше киіп ал” деп айтқан.