$ 478.93  534.96  5.16

Бүгін театр және кино актері Ғани Құлжановтың туған күні

«Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке», «Дневной дозор», «Ләйләнің зары», «Жас ұлан» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Фото: Жастар театры
Фото: Жастар театры

59 жыл бұрын (1965) театр және кино актері, тележүргізуші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Ғани Әбдуалиұлы Құлжанов дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қалалық музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. 1990-2007 жылдары М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды.

2007 жылдан 2013 жылға дейін жас көрермен театрының бас директоры, 2013 жылдан бастап Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі болды.

М. Мақатаевтың «Қош, махаббат» спектаклінде Айбар, М. Байджиевтің «Қалындық пен күйеуінде» - күйеу, У. Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» - Гортензио, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанындағы» - Арыстан, Е. Замятиннің «Еділ патшасында» - Вегила, Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат туралы аңызында» - Қодар, Иран Ғайыптың «Шынғыс ханында» - Сүбітай, «Абылай ханында» - Әбілмансұр, Қ. Аширдың «Қабыл - Адам Ата перзентінде» - Абыл, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» - Құмар, Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» - Эрих Кламрот, У. Шекспирдің «Гамлетінде» - Король Клавдий, Д. Исабековтің «Әпкесінде» - Омар, Шахимарданның «Қазақтарында» - Қасымсұлтан, Ш. Айтматовтың «Ақ кемесінде» - Оразқұл, Ә. Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Тәңірберген рөлдерін ойнап, «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм», Ресей киностудяларында киноға түскен.

«Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке», «Дневной дозор», «Ләйләнің зары», «Жас ұлан» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары