$ 488.11  530.09  5.01

Ақтөбеде жұмысшының үстіне кен құлап, мерт болды

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Фото: Аргументы и факты
Фото: Аргументы и факты

Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы көз жұмды. Алдын ала болдам бойынша ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жұмысшының қазасы туралы хабарлама берген.

«Жұмыс берушінің деректері бойынша, жазатайым оқиға 18 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында болды. Ұсақтаушы А.Нұрғалиевке шахта кені құлап, мерт болған. Мұндай жағдайларда ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеу жүргізеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері, тараптар кінәсінің дәрежесі тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиға туралы қандай да бір ақпарат ресми деректер болып табылмайды. Тергеу шамамен 20 қазанда аяқталады», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары