$ 494.87  520.65  4.91

Желіде Қорғаныс министрінің үстелді ұрып, генералдарға ұрысқан видеосы тарады

Жақсылықов «командирлер қоластындағыларға қамқор болып, сарбаздарды үйінен тірі қайтаруға міндетті» деді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сарбаздардың өлімі көбейгенін айтып, үстелді ұрып, генералдарға ұрысқан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Біз кімге айналып барамыз? Қоғам бізден нені талап етеді? Ең алдымен, жас жігіттердің амандығы керек», – деді министр.

Үстелді алақанымен ұрып, жиынға жиналғандарға ұрысқан Жақсылықов «командирлер қоластындағыларға қамқор болып, сарбаздарды үйінен тірі қайтаруға міндетті» деді.

Ол Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа ескерту жасап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақовты лауазымынан алу туралы өтініш беретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары