Осы тіректерді салу үшін 53,7 мың текше метр бетон мен 42 мың тонна арматура кеткен.
Астанада атышулы LRT құрлысының тіректері 100% салынып бітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ресми ақпаратты City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратты.
«Жеңіл рельсті пойыз жүретін 22 шақырымға арналған 799 тіректің бәрі салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылған», - деп хабарлады компания.
Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, осы тіректерді салу үшін 53,7 мың текше метр бетон мен 42 мың тонна арматура кеткен.