$ 494.87  520.65  4.91

Ербаян Мұхтарды біреу ұрды деп айтуға әлі ерте - Ұлттық ұлан өкілі

Қазір тергеуді ІІМ әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. 

Фото: коллаж sn.kz
Фото: коллаж sn.kz

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеу аяқталғанша алдын ала қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетовке брифингте неге әскерде дәретханаларға камера орнатылмайтыны туралы сұрақ қойылды. Сұрақ қойған журналист түрлі жанжалдар мен төбелестер болатынын айтып, Ербаян Мұхтардың жағдайын да мысал ретінде келтірді.

Қайрат Үмбетов "сарбаздың комаға түсуіне дәл төбелес себеп болды" деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.

"Оны біреу ұрды деп айтуға сізде де, бізде де әлі құқық жоқ. Сарбаз түнгі сағат 2:15-те оянып, дәретханаға барған, сол жерде оны құлағанын көрген куәгерлер бар. Қазір тергеуді ІІМ әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. Ербаян Мұхтарды біреу ұрды деп айтуға әлі ерте. Сарбаз айығып, есін жиып келеді. Егер бұл фактілер расталса, сол кезде біз ол туралы айта аламыз", - деді Үмбетов.

Бұған дейін желіде әскерге шақырылған жас жігіттің мүгедек болып оралғаны туралы ақпарат тараған. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жағдайға түсінік берді. Әскери борышын өтей бастағаннан бірнеше ай өткен соң ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылып, комаға түсті. Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз Мұхтардың басынан алған жарақатына байланысты

"Әскери қызметшілер арасындағы жарғыға қайшы қарым-қатынастардың денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары