$ 495.2  522.34  4.94

«Жауын-шашын, жел»: Алдағы күндері жаңбыр жауып, 2 градусқа дейін аяз болады

Солтүстік-батыста және елдің орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жел күшейеді, Кейбір өңірлерде 2 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады, осыған байланысты Қазақстанда жаңбыр жауып, батыста және оңтүстікте найзағай найзағай ойнайды.

22 қыркүйектен бастап елдің батысына Скандинавия аудандарынан антициклон тарала бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста және елдің орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.

Күндіз республиканың батысында ауа температурасының +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстігінде +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары