Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында көз жұмды.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы, Қазақстандағы белгілі саясат және мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің туған әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медициналық институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.
Нұрсұлу Тасмағамбетова ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігер болған, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі.