$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жасөспірімді көлік қағып, мерт қылды

Оқиға 19 қыркүйек күні Тоғас көшесінде болған.

Фото: Москва 24
Фото: Москва 24

Өскеменде жасөспірімді көлік қағып, мерт қылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, көлік қағып кеткен жасөспірім ауруханада көз жұмған.

Оқиға 19 қыркүйек күні Тоғас көшесінде болған.

«Lada Granta көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2005 жылғы жасөспірімді қағып кеткен. Ауыр жараланған ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - делінген ПД хабарламасында.

Адам өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары