$ 488.11  530.09  5.01

СҚО-да әйел гаражда босанып, сәбиін қорапқа тастап кеткен

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында әйел гаражда босанып, жаңа туған нәрестесін сол жерге тастап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болған. 25 жастағы әйел жергілікті ауруханаға қан кетуіне байланысты шағыммен жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында науқастың бала босанғанын анықтап, полицияға хабарлаған. Полиция әйелдің сәбиді гаражда босанып, сол жердегі қорапқа салып кеткенін анықтады. Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.

"Бала перинаталдық орталықта жатыр, қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Әйел аудандық ауруханада жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

"25 жастағы әйел Ғабит Мүсірепов атындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің гаражда бала босанғаны анықталды. Бұл факті бойынша “қауiптi жағдайда қалдыру” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары