Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.