Осылайша Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов франциялық спортшы Пьер Дибомбеден басым түсіп, кәсіби мансабындағы 22-ші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Екі боксшы Дублинде (Ирландия) өткен турнирде қолғап түйістірді. Олардың кездесуі екінші орта салмақ дәрежесінде өтті (76,2 килограмға дейін). Жекпе-жек он раундқа созылды.
Сегізінші раундта Ахмедов нокдаун алып қалды. Десе де қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті (102-107, 106-103, 105-104). Осылайша Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті. 29 жастағы Ахмедовтың активінде 22 жеңіс (16-сы нокаутпен) пен бір жеңіліс бар.
«Бізге қолдау білдіргендерге рақмет! Мұнымен тоқтамаймыз, әрі қарай жылжи береміз. Алға, Қазақстан», – деп Әли Ахмедов кезекті жеңісінен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.