$ 479.05  534.57  5.17

Солтүстік Қазақстанда тағы бір әскери қызметші өлі табылды

Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған

Фото: t.me/letterskz
Фото: t.me/letterskz

Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған. Бұл туралы СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мәлім болғандай, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары