"Тиісті органдар байланысқа шықты".
Астанада «Хан Шатыр» алдында іш киімін шешкен елордалық бойжеткен ерсі әрекетінен кейін жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыған дейін желіде елорда тұрғыны күндіз «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына кіре берісте іш киімін шешкен видео тараған болатын.
«Достар, бәріңе сәлем! Интернетте ұзақ уақыт болмағаннан кейін байланысқа шығып отырмын. Тиісті органдар байланысқа шықты, Мен өз әрекеттерім үшін жауапқа тартылды», - деді ол.
Ол өз сөзінде өзіне қандай шаралар қолданылғанын айтқан жоқ.