$ 479.05  534.57  5.17

«Күдіктілер іздестіріліп жатыр»: Алматыдағы «Мята» лаунж-барда атыс болды

Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді. 

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары