$ 498.34  519.72  4.85

2025 жылы жалпыға бірдей декларация көлеңкелі экономикаға қалай әсер етеді?

2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспары белгіленген. Ондай ауқымды шараның мақсаты көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Экономиканың қадағаланбайтын бөлігін қалыптастыру оның өсімі үшін қосымша резерв болып табылады. Көлеңкелі экономика деңгейі мен экономикалық әл-ауқаттың арасында тұрақты кері тәуелділік бар. Қадағаланбайтын экономиканың деңгейі неғұрлым төмен болса, экономикалық өсім соғұрлым жоғары болады.

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бақыланбайтын экономиканың орташа деңгейі 15%-ды құрайды. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 46 мың АҚШ долларын құрайды. Сондықтан көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды іске асыру және қадағаланбайтын қызметті заңды айналымға тартуды ынталандыру экономикалық өсудің маңызды резерві болып табылады.

Халықаралық тәжірибе салықтық және әкімшілік рәсімдерді оңайлату, ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау, заңдардың орындалу шарттарын қамтамасыз ету әмбебап шаралар екендігін көрсетіп отыр.

Бұл экономиканың сапасын арттыруға, бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға, ресурстарды әділ бөлуге және бюджетті нығайтуға оң әсер етеді.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, рәсімдерді оңайлату және көлеңкелі айналымдар үшін тиімсіз ортаны құру қадағаланбайтын экономика деңгейін төмендетудің тиімді құралы саналады.

Осыған байланысты салықтық ынталандыру, есепке алуды жетілдіру, цифрландыру және бизнес үшін рәсімдерді оңайлату бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Салық салу саласында кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру, арнайы салық режимдерін жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды.

Кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру шаралары

Бизнеспен талқылауды ескере отырып, 2019-2020 жылдары онлайн кассалық машиналар қолданысқа енгізілді. Бұл ретте, онлайн кассалық машиналарды сатып алуды жеңілдету үшін ынталандыру берілді, яғни кассалық машинаның құны салық сомасынан шегеріледі. Осылайша шығындар өтеледі.

Қолма-қол ақшасыз айналымдарды заңдастыру үшін қосылған құн салығын тіркеу бойынша шектік есебіне қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілмейді.

Сондай-ақ патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін саудадағы қолма-қол ақшасыз айналымдарға арналған мөлшерлеме 2%-дан 1%-ға дейін төмендеді. Нәтижесінде 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,4 есеге артты.

Арнайы салық режимдерін жетілдіру шаралары 

Шағын және орта бизнес үшін режимдерді қолдану критерийлері кеңейтілді.

Сауда саласы оңайлатылған декларация бойынша режимге ауыстырылды. Жаңа тіркелген шегерім режимі енгізілді.

Бұл ретте, соңғы 2 жылда арнайы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер саны 20%-ға артып, 1,2 млн төлеушіге жетті.

Салықтық әкімшілендіруді оңайлату шаралары

Тіркеу және төлемдерді төлеу ыңғайлы болу үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі қысқарды (5 жылдан 3 жылға дейін).

Сонымен қатар бірінші құқық бұзушылық кезінде салынатын айыппұл ескертуге ауыстырылды. Кәсіпкерді тіркегеннен кейін бірінші жылы жоспарлы тексерулерге тыйым салынды.

Салықтық тексерулерді қысқарту үшін тексерулердің орнына есептілік қағидаты бойынша арнайы мониторинг енгізілді. Арнайы бақылау шоты арқылы қосылған құн салығын жедел қайтару көзделген.

Осы шараның барлығы есепті тапсыруға жұмсалған уақыт көрсеткішінің 30%-ға жақсаруына ықпал етті.

Жоспарланып отырған салықтық ынталандыру шаралары шеңберінде тМинистрлік еңбекақы төлеу қорынан төлемдер төлеуді бірыңғай төлем құжаты арқылы жеңілдетуді қарастыруда,

Есептілікті алдын ала декларациялау ұсынылады. Яғни, салық органдары салық төлеушілерге декларация толтыруға көмектеседі. Бұл ретте, ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректер базасынан алынады.

«Тиісті сақтық» қағидатын енгізу пысықталуда. Бұл құралдың арқасында салық төлеуші мәмілелердің дұрыс жасалуына көз жеткізе алады. Бұл бизнесті жосықсыз контрагенттерден – «жалған кәсіпкерлерден» қорғайды.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік есепті алып тастау және салық есебін оңайлату ұсынылады. Бұл арнайы салық режимдеріне қатысты болады.

Өз есебін цифрландырған салық төлеушілерді тексеру үшін тәуекел дәрежесін төмендету ұсынылады. Есепті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл — статистикалық есептілікті тапсыру процесін оңайлату және бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін жетілдіру.

Статистикалық есептілік бойынша

Статистикалық нысандар саны 21%-ға төмендеді (2013 жылы 181-ден 2019 жылы 143-ке дейін). Есептілік нысандары оңтайландырылды, толтыру уақыты 15%-ға қысқарды.

Ірі және орта кәсіпорындар барлық есепті электронды нысанда тапсырса, шағын кәсіпорындардың жартысы есепті электронды түрде тапсырады.

Қадағаланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі жетілдірілді. Ескі әдістеме орын алған құқық бұзушылық статистикасына негізделген болатын.

Жаңа әдістеме үш басты қағидатқа негізделген. Бұл — халықаралық стандарттар, қаржы-шаруашылық қызмет бойынша есептілікті пайдалану, сондай-ақ салалар бойынша экономикалық бағалау.

Осылайша жаңа әдістеме салалар мен жалпы экономиканы формализациялау әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Цифрландыру бойынша шаралар

«SMART BRIDGE» жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдардың жүйелері мен жеке бизнес арасындағы өзара іс-қимыл процесі жеңілдетілді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілуде. Бүгінгі таңда 344 интеграция жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін толық интеграция жоспарлануда. Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылуда. Қызмет көрсету мерзімі 3 есеге қысқарды.

Биылғы жылдың соңына дейінгі міндет мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін 100% интеграциялау және мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 90%-ын онлайн түрде көрсету болып отыр.

Әкімшілік кедергілер мен рәсімдерді қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді.

Жалпы алғанда, 2014 жылдан бастап жүйелі негізде жүргізілген заңнамалық реформалар нарыққа кіруді оңайлату, реттеуші ортаны жетілдіру, әкімшілік кедергілерді алып тастау және рәсімдерді оңайлату бойынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Нарыққа кіруді оңайлату үшін лицензиялар мен рұқсаттар саны екі есеге қысқарды, кәсіпорындарды тіркеу оңтайландырылды, банктің ағымдағы шотын онлайн ашу енгізілді.

Реттеуші ортаны жетілдіру

Қоғамдық талқылаусыз бизнес үшін шығынды нормаларды енгізуге тыйым салынды, бизнесті жоспардан тыс тексеру үшін негіздер екі есе қысқарды, өзін-өзі реттеу енгізілді.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау және рәсімдерді оңайлату

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу алымы, мөрдің болуы туралы талап, сондай-ақ жаңа құрылыс объектілерін тіркеу кезінде техникалық паспортты ресімдеу қажеттілігі алынып тасталды.

Техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша бірқатар құжат пен сараптама алынып тасталды, электр желілеріне қосу кезіндегі рәсімдер қысқарды, жер учаскелерін беру кезінде «бірыңғай терезе» қағидаты енгізілуде.

Сатып алу-сату мәмілелерін тіркеу, техникалық шарттар беруге өтініш беру және талап арыз беру электрондық нысанға ауыстырылды.

Әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту және рәсімдерді оңайлату бойынша мынадай шаралар қабылдау жоспарлануда. Артық талаптарды қысқарту мақсатында кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез күшін жоюы және түзетілуі мүмкін.

«Екеуінің орнына бір реттеу» қағидатын енгізу

Бұл қолданыстағы екі құралдың орнына жаңа реттеуші құралды енгізуді көздейді. Осылайша бизнеске реттеуші жүктеме төмендейді. Лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда.

Бақылау мен қадағалау жүктемесін төмендету

Жоспарлы тексерулерге балама ретінде «кәсіпорындарды диагностикалауға» көшу қамтамасыз етіледі. Бизнестің мұндай диагностикасы жауапкершілікке тартпай жүргізілетін болады және жоспарлы тексерулерді қысқартуға мүмкіндік береді.

Қызметтерді цифрландыру шеңберінде бизнес үшін барлық қызметті толық электрондық нысанда қамтуды қамтамасыз ету ұсынылады.

Бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шара қадағаланбайтын экономика деңгейін 2025 жылға қарай 20%-ға дейін төмендетуге бағытталған. Бұл көрсеткіш Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында бекітілген. Аталған шараларды іске асыру экономиканың тұрақтылығына, бюджеттің теңгерімділігіне, бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары