$ 494.87  520.65  4.91

«Балаларды қойша қырып жатыр»: Белгілі журналист оқушыларды суицидке итермелейтін ойынды көрсетті

Жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі көбейген.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Журналист Нәзия Жоямергенқызы оқушыларды суицидке итермелеп отырған ойынды көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ата-аналар, мына Schoolboy Runaway ойыны қауіпті деп жатыр. Балаларыңыздың телефонын тексеріп көріңіздер. Абай болыңыздар! Мен әдейі кіргем. “Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет”, - деді бір еркек дауыс. Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Алла Тағала балаларымызбен сынамасын», - деп жазды журналист желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары