Жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі көбейген.
Журналист Нәзия Жоямергенқызы оқушыларды суицидке итермелеп отырған ойынды көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ата-аналар, мына Schoolboy Runaway ойыны қауіпті деп жатыр. Балаларыңыздың телефонын тексеріп көріңіздер. Абай болыңыздар! Мен әдейі кіргем. “Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет”, - деді бір еркек дауыс. Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Алла Тағала балаларымызбен сынамасын», - деп жазды журналист желідегі парақшасына.