23.09.2024, 12:00

«Никабын шешті»: Заңгер сақалдылардан қорлық көрген қыздың қазіргі жағдайын баяндады

Коллаж: Sn.kz

Айшамен елімізге танымал  мықты мамандар өзімнің теолог ағайларым жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек 13 жасынан төсек қатынасына түскен, сақалдылардан қорлық көрген қыз туралы баяндаған еді. Бұл жолы заңгер қыздың жағдайы жақсарып, қалыпты өмірге бейімделе бастағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айгүл Орынбек бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның жазуынша, қазір Аиша арнайы бір орталықта тұрып жатыр.

«Айша қыздың өміріне алаңдап жазып жатқандар көп.

Айша никабын шешті. Әпке ретінде  алғашқы ашық түсті көйлегі мен  орамалын алып бердім.

Айша қазір орталыққа орналастырылды. Жеке басына қауіп төнбес үшін, қандай орталық екенін ашық жазбаймын. Ең бастысы Айша мен елімізге танымал  мықты мамандар өзімнің теолог ағайларым жұмыс істеп жатыр. Орталықтың  психологтарына алғыс білдіргім келеді.

Бір адамның өмірін, көзқарасын  өзгертуге қаншама адам осылай бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз!», - деп жазды ол. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

 «13 жасымнан төсек қатынасы басталды»: Никабтағы бойжеткен заңгерге сақалдылардан көрген қорлығын айтты (ВИДЕО)

 «Бұл қыз да өлу керек пе!?»: Заңгер 13 жасынан зорлық көрген қыз туралы ІІМ-не үндеу жолдады (ВИДЕО)