$ 488.11  530.09  5.01

Елімізде күн суытып, қар жауады

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, күндіз ауа температурасы төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 24-26 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, қазақстандықтар қалың киім алып, күрт суыққа дайындалуы керек.

"Таяу тәуліктерде республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі, түнде ауа температурасы қарға айналады; -2-7°С дейін төмендейді деп күтілуде", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қалған аумақтарда болжам бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, күндіз ауа температурасы төмендейді:

  • республиканың батысында +18+26°С дейін;
  • солтүстікте, шығыста +5+10°С дейін;
  • орталықта +7+15°С дейін;
  • оңтүстікте +12+20°С дейін;
  • таулы аймақтарда +2+10°С дейін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары