23.09.2024, 15:20

Алматыда тағы бір бала терезеден секіріп кетті

Фото: Гордон

Полиция бұл фактіні растады.

Желіде тағы бір алматылық баланың көпқабаттың үйдің 16-қабатынан секіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушысының айтуынша, бала Таугүл шағынауданында Нархоз университетіне қарама-қарсы орналасқан үйдің терезесінен секірген.

“Балаларыңыздың телефондарын тексеріңіз, тіпті оған бұл ұнамаса да, олардың қылықтары мен әрекетін қадағалаңыздар… Қазір мерт болған баланың жеке басы мен оның мекенжайы анықталып жатыр”, – деді алматылық тұрғын.

Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ оқиғаның мән-жайын әзірге мәлімдей алмады.

“Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.