$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық екі спортшы каратэден Азия чемпионы атанды

Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтады.

Фото: Cпортты дамыту дирекциясы
Фото: Cпортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыстан қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Биыл құрлықтағы 30 елден таңдаулы 300-ден астам татами шебері күш сынасты. Бұл қатарда ел намысын кумите бағдарламасында 19 отандасымыз қорғады.

Нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Финалда Жоламан Биғабыл (-55 кг) Омар Шакраны (Иордания), ал Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) болса Кувончбек Мухаммадиевті (Өзбекстан) ұтып, өз салмағында жеңімпаз атанды. Нұрқанат жартылай финалда әлем чемпионы Бахман Аскари Гончехті айқын басымдықпен ұтқан (7-1).

Ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, кумитеден ерлер командасы 2-орын алды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль иегері атанды.

Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары