$ 479.23  534.96  5.16

«Шаңырақ көтеруге асықпаңыздар»: Дина Төлепберген тұрмысқа шықпаған қыздарға қолдау білдірді

Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/
Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Белгілі журналист Дина Төлепберген тұрмыс құрмаған қыздарға қолдау білдіріп, өзінің оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілі әйелдерге арналған жаңа жобасын таныстырды. Мақсаты – қыз-келіншектерде кездесетін мәселелердің алдын-алу.  

"Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен, мәселен, 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!", – деп жазды Дина Төлепберген.

Сондай-ақ, журналист жобаның алғашқы қонағы, актриса Құралай Анарбекованың да басындағы жағдаятты талқылап көрді. 

"Құралай да: "Құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді" – дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өздерінен бастауы керек. Таяуда авторлық жобам жарыққа шығады. Din Dina Show – әйелдер үшін. Қонағымыз Құралай Анарбекова", – деп хабарлады медиа маманы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары