Полиция қайғылы оқиғаны растады.
Болған оқиғаның бейнежазбасы WhatsApp арқылы таралған. Полиция қайғылы оқиғаны растады, болған оқиғаның мән-жайын тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"102-ге Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде асылып қалған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Мән - жайлар анықталуда", - деп түсіндірді Астана полиция департаменті.