$ 494.87  520.65  4.91

Желіде әскери форма киген жігітті ұрғанын көрсететін видео тарады

Ұлттық ұланының киімін киген тағы бір азаматты ұрғаны туралы видео анықталды.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Желіде әскери формадағы жігітке күш көрсеткен видео жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан бұл форма олардың басқармасына тиесілі екенін растады.

«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 2024 жылдың 23 қыркүйегінде әскери полиция қызметкерлері азаматтық киім киген белгісіз тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының киімін киген тағы бір азаматты ұрғаны туралы видео анықталды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары