$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте әріптесін аяусыз пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Сотталушы ашуланып, Н.-ның қолындағы асхана пышағын тартып алып, мойнынан пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен Э.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотталушы Шымкент қаласы, «Нұршуақ» мөлтек ауданы, Жаңақұрылыс жер телімінде құрылыс объектісінде бірге жұмыс жасайтын Н.-мен бірге спирттік ішімдік ішіп, араларында ұрыс-жанжал туындап, соның салдарынан жәбірленуші Н. сотталушы Э.-нің бетіне жұдырығымен бір рет соққы жасаған, сотталушы ашуланып, Н.-ның қолындағы асхана пышағын тартып алып, мойнынан пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

«Сот сотталушының жасаған қылмыстық әрекеттері ол өзі жасаған қылмысын ішінара мойындағанымен қатар, жәбірленуші өкілі мен куәлердің жауаптарымен, айғақ затты алу хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және де басты сот талқылауында зерттелген басқа да іс материалдарымен толық өз дәлелін тапты деп санайды.

Прокурор Э.-ға 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі прокурордың осы ұстанымымен келісті.

Қорғау тарабы Э.-ға барынша жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын, жасаған қылмысына өкінетінін, ал ауырлататын мән-жайлар бойынша жасаған қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, Э.-ның іс-әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануын танығанын және жәбірленуші өкілінің кешірім бермегенін ескерді», - делінген  хабарламада.

Сот, Э.-ға ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады және сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталану белгілері бар деп таныды. Жазаны сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге белгіледі. Үкім заңды күшіне енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары