Жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте таңғы 6:15 шамасында Пугачев көшесінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен әйелді қағып кеткен, деп жазады Мой город.
Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға болған кезде өлік тізгінінде полиция қызметкері отырған. Оқиғадан кейін полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.