26.09.2024, 19:00

Келесі жылдан бастап рөлі оң жақтағы көліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынады

Фото: Аргументы и факты

Өйткені олардың құрылымы жол апатына себеп болып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді дейді сарапшылар. 

Рөлі оң жақта орналасқан көліктер жолаушы тасымалдауға қауіпті деп танылды. Келесі жылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көлік иелеріне жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Indrive, Яндекс телефон қосымшасында клиенттері бар рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдары қосымшалардан шығарылады”, – деді Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және  көліктік бақылау комитетігің өкілі Тлеген Жәдігеров.

Аталмыш жаңашылдық оң жақтағы рөлін сол жаққа ауыстырған көлік иелеріне де қатысты. Автобрендтердің ресми өкілдері рөлді оң жақтан сол жаққа ауыстыруға қатаң тыйым салады. Өйткені олардың құрылымы жол апатына себеп болып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді дейді сарапшылар. 

Ал оң жақ рөлді автокөліктердің иелері мұндай жаңашылдықпен келіспейді. Олардың айтуынша, жол апатына көліктің құрылымы емес, жүргізушінің жауапсыздығы себеп. 

Айта кетейік, Қазақстанда үш жүз мыңнан астам оң рөлді көліктер жүреді. Көлік иелерінің көпшілігі жолаушыларды ұзақ қашықтыққа тасымалдаумен айналысады.