27.09.2024, 10:20

Арқалықта екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Фото: Pixabay

Күдікті шыны бөтелкенің сынығымен оның мойнына соққы жасаған.

Арқалық қаласында 39 жастағы ер адамның өлімі бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ал жергілікті полицияның хабарлауынша, қайтыс болған адам мен күдікті арасында жанжал туындаған. Кикілжің салдарынан күдікті шыны бөтелкенің сынығымен оның мойнына соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмған.