$ 494.87  520.65  4.91

«Тек бір ғана өтінішім бар…»: Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтірген адам сотталды

Сот күдіктіні үш бап бойынша кінәлі деп тапты.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтірді деп айыпталған Темір Сәрсеновке қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

41 жастағы сотталушы қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру), 188-бабы (Ұрлық), 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша айып тағылды. Ол сот отырысында соңғы сөзін айтты.

"Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес өзімді кінәлі деп санамаймын. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша да кінәмді мойындамаймын. Мен ұры емеспін және ешқашан ұры болған емеспін. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, кінәні мойындаудан бас тартамын. Мен адам өлтірген жоқпын, кісі өлтіруге ешқандай себеп болған жоқ. Адамды өлтіру... Надежда Владимировнаны, жоқ... Бар айтарым осы… Бір ғана өтінішім бар, заттай дәлел – ұялы телефонымды, мүмкін болса, анама беріңіздерші", – деп сөзін қорытындылады Темір Сәрсенов.

Марқұм Надежда Никитинаның қызы Кристина Мишина, оның адвокаты мен жәбірленушіннің қорғаушысы сот отырысына қатысқан жоқ. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 12 жалға айыруды сұрады. Сот прокурордың сұрауын ескеріп, Темір Сәрсеновты 12 жылға соттады.

Айыпталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар марқұмның қызы Кристина Мишинаның пайдасына 10 миллион моральдық шығын өндірілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары