$ 494.87  520.65  4.91

Сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Құқық қорғаушы Инга Иманбай желідегі парақшасында сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Инга Иманбай жазбасында сарбаздың Астанадан Ыстанбұлға 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшып кеткенін айтады.

"Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз", – деп жазды Инга

Айта кетейік, шамамен он күн бұрын Ербаянның әкесі Хамит Аймағамбетов баспасөз конференциясында сарбаздың қашан емделуге жіберілетіні туралы жауап берген еді. Сол кезде Хамиттің айтуынша, құжаттармен байланысты қиындықтар және ұлының жағдайы бұл шараны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. Жаз айларында қазақстандықтар жігіттің емделуіне қаржы жинағанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары