$ 494.87  520.65  4.91

Тележүргізуші 17 жыл бойы құлдықта болған қыздардың қазіргі жағдайын көрсетті (ВИДЕО)

Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді?

Фото: instagram.com/ruslan_utepbai
Фото: instagram.com/ruslan_utepbai

Қазақстанда танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы туралы баянлады. Оның айтуынша, екі қыздың қазір өңі кіріп, жағдайы жақсарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист апалы-сіңлі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырған.

«Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші. Күтім мен жылы қабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…», – деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасына.

Еске салсақ, былтыр Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны туралы ақпарат көпшілікті елең еткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 362
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары