Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркінің жүрегінде тұр.
Белгілі тәлімгер, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталып, түрмеден шыққан Мұрат Әбділданы көп адамға үлгі етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтыскердің сөзінше, желі жұлдызы шынайы болмысымен көпшіліктің жүрегін жаулап алған.
“Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ, көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді. Жалпы, халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркінің жүрегінде тұр. Мұрат сияқты қапастан шықса да қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын!”, – деді психолог.