Әлеуметтік желіні ашып қалсаң оранған қыздар «қынабыңды тарылт», ал, мұрты жоқ сақалды азаматтар «мүшеңді ұзарт», имамдар «жұмақта 40 еркектің күші, пәк қыздармен рахаттанасың» деп шыға келеді!
Белгілі бизнес-тренер, кәсіпкер, қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила қыздарға ақыл айтқыш дін жолында жүрген блогерлерді сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Ислам діні Сексология ілімін ғана зерттей ме? Мына бауырлар осы білімді қайдан үйреніп алған? Әлеуметтік желіні ашып қалсаң оранған қыздар «қынабыңды тарылт», ал, мұрты жоқ сақалды азаматтар «мүшеңді ұзарт», имамдар «жұмақта 40 еркектің күші, пәк қыздармен рахаттанасың» деп шыға келеді!
Дінге кірсең бұттың айналасынан басқаны зерттемейтін, ғылым-білімнен ада адам болатының осыдан көрсек болмай ма?», — деп жазды кәсіпкер.