$ 494.87  520.65  4.91

Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап еткен

Тараптар бір ай ішінде шешімге шағым түсіре алады.

Фото: Azattyq Rýhy
Фото: Azattyq Rýhy

Кеше Нүкеновтердің Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндіргені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Амангелдінің отбасына 6 877 682 теңге материалдық шығын, 10 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Бірақ Айтбек Амангелді әлдеқайда көп сома сұраған.

«Талапкер өзінің және ата-анасының қайғылы жағдайды қиын өткергенін, денсаулығы нашарлап, еңбек қабілетін жоғалтқанын көрсеткен. Ата-анасының еңсесі түсіп кеткен, ашу мен ұйқысыздыққа бой алдырып, эмоционалды күйзеліске түскен. Денсаулықтарын тұрақты түрде бақылап отыру қажет. Талапкер қылмыстық іс аясында адвокаттардың жүріп-тұруы, ұшуы, т.б. заңгерлік қызметтерге шығындалған.  8 828 070 теңге материалдық шығын, 1 500 000 000 теңге моральдық шығын өндіруді сұрайды», - делінген сот құжатында.

Сот шешімімен экс-министр жәбірленуші тарапқа 4 750 000 теңге заңгерлік қызметтер шығынын, 312 338 теңге адвокаттардың тұруына кеткен шығын, 1 583 924 теңге ұшуға кеткен шығын, 231 410 теңге типография шығындарын төлеуі керек. Одан бөлек мемлекет кірісіне 70 623 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары