$ 479.23  534.96  5.16

Астанада лифтіде әйелдің басына плитка құлап кетті (ВИДЕО)

Лифт сыртындағы плитка опырылып түскен көрінеді. 

Фото: t.me/astanovka98
Фото: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйелдің басына плитка құлаған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видео Instagram-дағы «astanovka98» парақшасында жарияланды. Жазбада оқиға Астанадағы тұрғын үй кешеніндерінің бірінде болғаны айтылған. Яғни, лифт сыртындағы плитка опырылып түскен көрінеді. 

Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды.

«27 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туған әйелді жеткізді. Салалық дәрігерлер тексергеннен кейін миы шайқалғаны (жұмсақ тіндердің көгеруі) белгілі болып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа, тұрақты», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары