$ 479.23  534.96  5.16

Жүргізушілер назарына! «ҚазАвтоЖол» маңызды ескерту жасады

Бұған дейін елде -7 градусқа дейін суық болатыны хабарланған еді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қазақстандық жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрметті жол пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – деп ескертті компания өкілдері.

Ведомство мәліметінше, СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында күртік қар жаууы мүмкін.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын жауып, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін.

Осыған байланысты ұлттық компания жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары