$ 481.19  538.45  5.18

Алматы облысында оқушы қыз қайтыс болды

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысы Талғар ауданында оқушы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы жағдай Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін. 

Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. 

«Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері Қылмыстық кодекстің 105-бабымен (өз-өзіне қол салуға жеткізу) іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды полициядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары