Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алып, полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде өмір белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп толықтырды полиция.
Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.